Friday, May 23, 2014

Қытайда жүргінші терезеден құлап бара жатқан баланы ұстап алған

Қытайда көшедегі саудагер терезеден құлаған баланың өмірін құтқарып қалған, деп хабарлайды Lenta.ru. Оқиғаны көше бейнебақылау камерасы жазыпа лған.
 
Оқиға Қытайдың оңтүстігінде, Гуандун аймағында орын алған. Үйді өтіп бара жатып, бірнеше ер адамдар терезенің алдындағы тақтайшада теңселіп тұрған баланы байқап қалады. Екінші қабаттан құлағалы тұрған баланы қағып алу үшін, біреуі дереу үйдің тұсына жүгіріп барып, екі қолын тосады. 


«Сол сәтте ешатеңе ойланбастан әрекет еттім, тек ұстай алмай қаламын деп қорықтым», - дейді өзін Ли деп таныстырған ер адам. Оның айтуынша, қасындағы адамдардың бірі, мені мүлт жібереді деп қорқып, картон қағазын төсеп қойған көрінеді.

Құтқарылған бала анасына қайтарылды. 



Almaty, 23/05/2014 -INCnews

No comments:

VK