Берлин қаласының мыңдаған
тұрғындары, оңшыл-экстремисттік Германияның Национал-демократиялық партияны (ГНДП)
қолдайтын адамдарға саптық марш өткізуге жол бермеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Жүзге жуық неонацисттер шеруді қаланың
орталығында орналасқан Янновицбрюк көпірінен бастауды жоспарлаған, алайда олар
сол жерден тек 300 метрдей ғана қозғала алған. Одан басқа барлық бағыттағы
жолдарды солшыл топ, профсоюз, азаматтық бастамалар мен антифашистік ұйымдардың
адамдары бөгеп тастаған. Нәтижесінде радикалдардың тек шағын митинг өткізуге
ғана шамалары келді . Екі сағаттан кейін олар тарай бастаған.
Полиция шерушілердің
арасында қақтығыс шығып кетпеуін барынша болдырмауға тырысса да, неонацисттер жаққа
тас пен шөлмектер ұшып жатты. Аса қатты белсенді шерушілерге қарсы полиция жас
ағызғыш газ бен таяқшаларын қолданған, бірнеше адам қамауға алынған, полиция
мен адамдар арасында жарақат алғандар да бар.
Almaty,26/04/2014 – INCnews