Friday, June 27, 2014

Қытайда Суарес бейнесінде қақпақ ашқыш құрал сатылып жатыр

Фото: www.taobao.com
Қытайлық «Таобао» интернет-дүкенінде, уругвайлық шабуылшы Луис Суарес бейнесінде шөлмектердің металды қақпақтарын ашатын  құрал сатылымға шықты, деп жазады Lenta.ru
Бұндай ерекше затты сіздер 15 юаньнан (2,5 доллар) 10 мың юань (1600 доллар) -ға дейінгі бағамен сатып ала аласыздар.
Луис Суарес Бразилияда өтіп жатқан ӘЧ топтық кезеңіндегі матчта, италиялық қорғаушы Джорджио Кьелиниді тістегені үшін  9 ойынға дисквалификацияланған және оған 4 ай аралығында футболға қатысты іспен айналысуға тыйым салынған.

Almaty, 27/06/2014 - INCnews

VK