Wednesday, October 9, 2013

Ұлыбританияның Хамберсайд әуежайында, біз тек Голливуд киноларында тамашалайтын жағдай орын алды:

Ауырып қалған ұшқыштың орнына ұшақты жолаушы қондырған...
Ұшқыш әуеде аяқастынан ауырып қалып, шағын ұшақты әрі қарай жүргізе алмайтынын біліп, апат сигналын беруге мәжбүр болды. Әуежай өкілінің айтуынша, ұшақ тізгінін  қолына алған жолаушымен сөйлесуге дереу екі ұшақ нұсқаушысы шақырылды. Жолаушының ұшу тәжірибесі өте аз болған және бұрын-соңды ұшақты қондырып көрген емес. Осыған қарамастан, ол ұшақты әуежайға сәтті қондыра білген. Бортта бір жолаушы мен ұшқыш екеуі ғана болған.  Sky News
Бұндай жағдай көбіне «экшн» жанырындағы киноларда көп кездеседі, тіпті біреулерінде үлкен, ауыр және адамға лық толы жолаушы ұшағын әйел адамдар қондырып жатады. Алайда, өмірде бұндай ерлікті қайталау оңайға түспейді. Ұшақты қондыру - ұшыруға  қарағанда әлдеқайда қиын екенін білетін боларсыңдар?!. Оған мен әуе компаниясында жұмыс істеп жүріп, ұшқыштар кабинасында ұшудың бір сәті түсіп қалған кезде көзім жетті.
Алматы-Ақтөбе рейсі, қателеспесем Airbus 320 борты. Ұшар алдында борт командирі мені техника қәіпсіздік ережесімен таныстырып, төтенше жағдайда қандай шара қолдану керктігі жөнінде аз ғана нұсқау жүргізіп өтті. Ең басты ереже – кабинада үн шығармау! Аз уақыттан кейін біз жерден көтеріліп бұлт арасынан бір-ақ шықтық. Ұшу барысында командир және көмекші ұшқыш алдарында қаптап тұрған түрлі экран-датчиктерге қарап, тұтқа-түймелерді басып, бұрап қояды. Ұшақ сілкініп, тербетіліп қалған кезде жаныңды қоярға жер таба алмай, ішіңнен бар білетін иман-кәлимаңды айта бастайсың. Міне, осындай сәттерде жаңағы кинолар да есіңе түседі. «Алда-жалда мына екеуіне бірдеңе болып қалып, ұшақ жүргізу жүгі менің мойныма артылатын болса қайтем?», деген ойлар да кетеді. «Қой, қайдағы жоқ киноларды қарап алып, сандырақтап тұрғаным несі?! Бұл тек кинода ғана болатын жағдай», деп өзімді-өзім жұбатып қоямын. Екі ұшқыш ширақ қимылдай бастады. Не болды екен деп сыртқа көз тастап едім, төмендей бара жатканымызды байқадым. Әуе кемесі төмендеген сайын тепе-теңдікті ұстау қиындай түседі.Ұшақ шайқалған күйі әуежайдың ұшып-қону жолының қақ төбесінен табылды. Ең қиыны да, қорқыныштысы да  осы – қондыру үдерісі. Бұл жауапкершілікті командир толықтай өз мойнына алады. Алдымен, ол тепе-теңдік орнатып, ұшақтың екі қанатын теңдей етіп горизонтальды қалыпқа келтірді, оны олар арнайы датчиктен қарап отырады екен. Артынан ол бірқалыпты ұшақты отырғыза бастады, шасси дөңгелектерінің шиқылдаған дыбысы ішке естілді. Командир ұшақты өте жақсы қондырып, бізді Ақтөбе қаласына аман-есен жеткізді.
Міне осындай қиындықтарды ескере отырып, ұшақты қондыра білген жолаушыға тәнті боласың. Алайда, Sky News сайтына сенсек, жолаушының аз да болса ұшу тәжірибесі болған және олар осы  сапарға оқу-тәжірибелік мақсатпен шыққан. Дегенмен, адам сенімді ақтап, өзнің және ұшқыштың өмірін сақтап қалды. Осы ерлігі үшін әуежай, өрт сөндіру және жедел-жәрдем қызметкерлері ду қол шапалақтап ризашылығын білдірген екен.



Астана,  09/10/13, Болат Қартбаев      

Poor Alitalia...


Scrolling the international tabloids for  the news of today, especially those about economics, I noted one thought dedicated to Alitalia situation.
Honestly, I grieve to this situation that we hoped resolved last year. Instead we are again, and if it were not for ENI to give bunker, would we be without the national flag carrier. But until when ENI can refuel Company aircrafts? Italy now has borrowed up to the neck, and if they do not find a solution as soon as possible to close all the holes from where exit billion euro's, it could really be Italy the second Greece in Europe. But, I wonder in my heart, all these numerical values ​​of money gone, that for some time are composed of 12 digits, such as roads have taken and why no one has ever thought to stop this Italian euthanasia? Why it seems that all Nations need the end of this Mother Country?

Atyrau, 09-10-2013, Mikhail Lermontov

http://news.sky.com/story/1152199/alitalia-could-be-grounded-over-unpaid-bills

VK