Wednesday, April 23, 2014

Америкалық балықшы салмағы 365 кг акула ұстап алды

picture from www.news.com

Американың  Милтон қаласының (Флорида штаты) тұрғыны  Джоуи Полк, қармақпен ұзындығы 3,35 м, салмағы  365 кг акула ұстап алды. Жергілікті БАҚ-ың  мәліметінше, бұл акула жағадан ауланғандардың ішінде ең үлкені болуы мүмкін, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Мексика шығанағының жағалауында балық аулап жүрген Полкқа, акуланы судан шығару үшін 1 сағатқа жуық уақыт керек болған екен.  ‘’Қармаққа ілінсе де, акула 95 ш.с.,жылдамдықпен жүзіп отырған.  Мен кішкентайымнан балық аулаймын, ірі балық ілінгенін бірден білдім, бірақ оның осыншалықты үлкен болатынын күтпеген едім’’, дейді балықшы. 

Алпауыт балық Полктің пикап көлігіне де толықтай сыймай қалған. Ол үйне бара жатқанында, акула кұйрығы шығып тұрған көлігін қызыққұмар адамдар суретке түсіріп жатты.

«Негізінен мен ұсталған акулаларды қайта суға жіберетінмін, бұл жолғысы өте ауыр жараланған, бәрібір ол ендігі өз бетімен жүзе алмас еді», дейді Полк. Ол олжасын өзінің арнайы рецептісі бойынша дайындап, 200-ге жуық көршілеріне дәм таттырған. 


Almaty, 23/04/2014 - INCnews

VK