Friday, September 20, 2013

Қашаған бізге қандай өзгерістер әкелмек...






Жуырда, The New York Times интернет порталында  «Қазақстанның мұнай кен орны көптен күткен алғашқы мұнайын бере бастады» деген мақала жарияланды. Әңгіме Қашаған жайлы болғанын айтпай-ақ білеміз. Білмегенде, бұл жаңалық біз тұрмақ бүкіл әлемді елеңдетіп отыр. Неге дейсіз ғой? Міне, осы сұрақ The New York Times мақаласына сәл көз жүгіртіп өтуді талап етеді:  «Бірер жылдық кідірістен кейін, Тяу Шығыстан тыс ең үлкен мұнай кені, дүние жүзілік энергия сұранысына қомақты үлесін ұсына отырып, шикізат өндіре бастады. Казақстанда орналасқан Қашаған кенінен алғашқы мұнай әзірше тамшылап қана тұр. Бірақ, құрамында АҚШ-тық  «Exxon Mobil» мен «ConocoPhillips» бар компаниялар консорциумы алдағы жылдарда өнімді анағұрлым өсіруді жоспарлап отыр», деп жазады американдық басылым.

 12.09.2013 күні берілген мәліметтен
мемлекет
Жоба мүшесі
жобадағы мүшелік үлесі
1
Флаг Казахстана
16,81
2
Флаг Италии
16,81
3
Флаг Франции
16,81
4
Флаг США
16,81
5
Флаг ВеликобританииФлаг Нидерландов
16,81
6
Флаг США
8,4
7
Флаг Японии
7,56

Сондай-ақ, мақалада Италияндық «Eni» компаниясының зерттеу және өндіру операциялық директоры Клаудио Дескальзидің (Claudio Descalzi) бүй деген сөзі келтірілген: - «Бұл әлемдегі ең күрделі жобалардың бірі», және телефон арқылы берген сұқпатында «Бұл шынымен де тарихи кезең. Мұнай  - өте жоғары сапалы және жеңіл. Біз, өсіп келе жатқан және осы саудада үздік елдер қатарына біршама жақындап қалдық» деген екен. Сарапшылардың айтуынша Қашағанның мұнай қоры өте зор. Мақаладағы деректерге сенсек, қазір Қашағанда  күніне 26 мың баррел өндіріліп жатыр. Бұл көрсеткішті 1,5 млн. баррелге өсіруге болады мыс. Егер жоспар осы қарқынмен жалғасатын болса, онда жалғыз Қашағанның өзі әлемдегі мұнай өнеркәсібінің 1.6 % құрайтын болады.
Арине, осыншама қара алтынның біздің жерімізден табылып жатқанына «бұл біздің байлығымыз» деп көкірегіңді керетінің сөзсіз. Алайда, бұдан көкейтесті сұрақтар туындайды: бізге тиесілі енші шынымен де байлық бола алады ма жоқ әлде бос мақтаныш болып кала бермек пе?; Бұл жағдай біздің еліміздің эканомикасына қандай өзгерістер әкеліп бермек?; Осындайда шапалақ ұрып, алақайға салып жүргенде көбіне ескерілмей қалатын тағы бір жайт – ол бұл жобаның табиғатқа келтіретін залалы. Қаншалықты көп мөлшерде мұнай мен газ өндірілсе тиісінше қоршаған ортаны, ауаны ластайтын қалдықтар шығуы да хақ.
Қазақстаннан мұнай шыққаны, ол өте сапалы және көп екені жөнінде қуанып әлемге жар саламыз, ал осыған жету үшін қанша инвестиция құйылғанын ескеріп кеткен де жөн. Жобаға жұмсалған ақша бақандай 41 миллиард АҚШ доллар шамасында. Осы шығынды Қашаған өтей алмайтынына қәуіптену себептері бар ма, жоқ болса, жоба өзін-өзі қанша уақыт аралығында ақтай алады? К. Дескалзи айтып кеткендей, бұл өте күрделі жоба, және сарапшылардың айтуынша кен орнында жоспарланған екпінмен жұмыс жасау барысында туындайтын қиындықтар өте көп.  Жоғарыда айтылып кеткендей, әрбір қазақ азаматын мазасыз қалдырмайтын сұрақ - ол әрине бұдан түсетін өзіміздің пайдамыз. Бас табақтан кім жемек? Құда түсушілер көп. Мысалыға, әрі барудың қажеті жоқ, көршілес жатқан аспан асты елі Қытайдың да әлемге жылтыраған қара алтынға көзі түсіп отыр. Тіпті 2012 жылы жобадан бас тартқан «ConocoPhillips» компаниясының еншісін «CNPC» мен отандық «ҚазМұнайГаз» екеуі бөліп алмақ деген сылтаумен бұл жобаға басын сұқпақ.


Астана 20.09.13 – Болат Қартбаев 

VK