Monday, June 23, 2014

Қытай азаматы өздігінен жүретін чемодан шығарды




Егер сіз саяхатқа көп шығып немесе қызметіңіз тікелей жол жүрумен байланысты болып, қолыңыз чемодан сүйреуден әбден талған болса, енді чемодан сізді сүйрейтін болады. Оған кепілдік – қытайлық ер адамның ойлап тапқан чемоданы.

61 жастағы Қытай азаматы өздігінен жүретін чемодан жасап шығарды, деп хабарлайды Қазақпарат. Скутер тәріздес чемоданның кішкентай қозғалтқышы мен батареясы бар. Ол бір адамды 20 км/сағат жылдамдықпен  үш сағат бойы таси алады. Иян қаласында тұратын Хэ Лянцай  есімді өнертапқыш өзінің туындысына патентін де жасап үлгерген.


Almaty,23/06/2014 - INCnews

No comments:

VK