Ирак
полициясының айтуы бойынша, Ирак және Левант Ислам Мемлекетінің (ИЛИМ)
жауынгерлері Тикрит каласындағы бақылауды басып алып, жүздеген қылмыскерлерді
абақтыдан босатып тастады, деп хабарлайды Skynews.
Ресми тұлғалар хабарлағандай, жергілікті ауданның үкімет басшысы жоғалып кеткен.
Ал,
сейсенбі күні Саддам хуссейннің туған қаласы да шабуылшылардың қол астына өткен
болатын.
Бағдаттың
солтүстігінде лаңкес өзін-өзі жарып тастап, 15 адамды мерт қылған және Шиит
халық-басыларының жиыны өтіп жатқан шатырында жарылғыш заттар жарылып, 30 адам
ауыр жараланған.
Сондай-ақ,
Байджида (Baiji) орналасқан ең үлкен мұнай өңдеу зауыттарының біріне де ИЛИМ
тарапынан күш көрсетілді. Үкімет өкілдерінің айтуынша, осы жағдайларға
байланысты, Иракта күніне 3.5 миллион баррель өндірілетін көрсеткіш күрт
төмендеуі мүмкін.
Мосул
қаласында, қап-қара және әскери киім киген қарулы адамдар, банк ғимараттары мен
мемлеккетік мекемелерді қарауылдап, дауыс зорайтқыш арқылы қызметкерлерді жумысқа
оралуын шақырып жүр.
Жағдайды
қолға алу үшін, примьер-министр Ноури аль Малики парламенттен елде төтенше
жағдайды жариялауды сұрайды. Сонымен
қатар, ол көмек сұрап халықаралық ұйымдарға жолдау жасады.
Almaty, 12/06/2014 - INCnews
No comments:
Post a Comment