Thursday, May 8, 2014

Германияда зағиптарға арналған мобильдік қосымша бағдарлама шығарылды

Аталмыш қосымша,  жол жүру бағдарын жүргізеді және адам бағытынан шығып кеткен жағдайда, немесе жолда тосқауылдар пайда болған кезде дыбыс белгілерін береді.
Кейде, ұсынылған жол өте ұзақ болуы мүмкін, алайда ол ең қауіпсізі.  Бұл жоба Зост қаласында өңделген және оған 2 миллион евро жұмсалған. Атап кетейік, оны жасауға түрткі болған - инженер-геодезист Йорга Петерстің зағип адаммен кездесуі, сол кездесу барысында оған әлеуметтік навигатор жасау ойына келген болатын.
Петерстің айтуынша, ол барлық бағдарларды дәлме-дәл өлшеп қана коймай,  зағиптарды туристтік ортаға қосқан.
Бағдарламада дыбыстық файлдар бар, олардың көмегімен пайдаланушы тарихи және архитекторлық ескерткіштер жайлы ақпарат ала алады.  Сондай-ақ,  дүкендер, медециналық мекемелер, аялдамалар мен бұқаралық көліктер жайлы ақпараттар да бар.  Файлдар атақты неміс актерлерінің дауыстарымен дыбыстандырылған. 

Almaty, 08/04/2014 – INCnews

No comments:

VK