Monday, April 7, 2014

Украина апаты, кейінгі кезекте кім?


Кеше ғана Таяу Шығыс, Араб елдерінде болған (Сирияда күні бүгінге дейін жалғасып жатыр) кесапатына күйініп жүргенімізде, бұл зұлым бәленің көк желкемізге қалай келіп тірелгенін аңғармай қалдық. Елімізге, нақтылап айтқанда жерімізге төнген қәуіптің қатерлігін көбісі сезіне алмай жатқан сыңайлы. Сөз - Украинадағы дағдарыс жайында. Астанасы Киевте оқиғалардың қалай өрбігенін білеміз, білмегенде, дүниежүзілік БАҚ-ң тарататыны тек сол ғана болса. Тіпті қайсысына сенуді де білмейсің, ақпараттық соғыс қарапайым халықтың басын қатырып әбден дал қылды. Бірақ бұл бөлек тақырып, айтпағымыз мүлдем басқа жайында.

Крымның 16 наурыз күні жалпы халықтық референдум өткізіп, Ресей құрамына кіргенін білеміз. Қазіргі кезде Донецк пен Харьков қалалары Ресейдің туын көтеріп Крымның ізін басып келеді. Сонғы ақпарат бойынша, билікті қанды қолмен басып алған үкіметтің ұлтшыл саясатына қарсы шыққан Донецк тұрғындары, жергілікті әкімшілік ғимаратына баса-көктеп кіріп, Реседің «триколорын» тіккен.  Сондай-ақ, Донбас Халық жасағының өкілдері УҚҚ (Украина Қәіпсіздік Қызметі) басқармасын да басып алған. Бейресми ақпарат бойынша, Донецк тұрғындары да Крымдағыдай референдум өткізуді жоспарлап отыр.  Одан кейінгі кезекте Харьков, Луганск, Одесса қалалары дайын тұр. Былай жалғаса беретін жағдайда Украинаның тең жартысы Ресейге өтіп тынбай ма?!

Сарапшыларадың айтуы бойынша Украинадағы қазіргі кезде орын алып жатқан жағдай, Қазақстан мен Балтық елдеріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал lenta.ru ақпараттық порталында жарияланған мақалаға жүгінсек, келесі болып Украинаның кебін Қазақстан киеді-мыс. Біздің солтүстік өңіріміздің тұрғындарының басым көпшілігі ұлты орыстар екені мәлім. Бетін аулақ қылсын, алда-жалда әлдеқандай ұлтаралық жанжал туындай қалатын болса (ал ондайлар көпұлтты мемлекеттерде болып тұратыны хақ), солтүстігімізден айрылып қалатын түріміз бар. Сондықтан, осы бастан алдын алу қажет. Үкіметтің Украинадағы дағдарысқа байланысты нақты позициясы болу керек, ол – әрине елдің тұтастығы. Ресеймен қарым-қатынасымыз тығыз болып, қанша одақтас мемлекет болсақ та, Украинаның тұтастығы бұзылып жатқанына қарсылығымызды білдіре білуіміз жөн.

Қанша бауырлас еліміз үшін күйіндік, ашындық, жандық десе де, Украинадағы жағдай Ресей үшін өте ұтымды болған сияқты, аяқ-астынан Крымды олжалап алды, өздері келіп қосылды. Анау шығысы да «Ресей! Ресей!» деп, ақай салып жүр.  Дегенмен, Ресейдің саясатын түсінуге болады. Шынымен де ұлтшылдардың езгісіне өз ұлт өкілдерін салып бергісі келмеген шығар. Тұтасымен АҚШ пен Еуроодаққа жұтылғанша, бір бөлігі Ресейдің қойнына келіп тығылғаны дурыс та шағар.   «Екі түйе суйкелсе, арасында шыбын өледі» деген осы емей немене?!



Almaty, 07/03/2014 – INC news

No comments:

VK