Бірнеше жойқын торнадолардың салдарынан АҚШ-та 12 адам
қаза тапты, деп жазады Lenta.ru. Торнадоның негізгі соққысы, 27 сәуір күні
елдің орталық және оңтүстігіне – Оклахома және Арканзас штаттарына тиді.
Арканзас губернаторының өкілі Мэтт ДиКэмпланың айтуы бойынша, штат аумағында
торнадодан 11 адам көз жұмды. Оклахома штатының солтүстік-шығысында қатты
құйыннан 1 мерт болды. Сондай-ақ, Торнадо Небраска, Айова және Миссури штаттарында байқалған.
Ескере кететін жайт, осыдан үш жыл бұрын, 2011 жылдың 27
сәуір күні жойқын торнадо АҚШ-та 316 адамның өмірін алып кеткен болатын.
Almaty, 28.04.2014 - INCnews
No comments:
Post a Comment