Қазір адамдар, көбіне жастар газдалған сусындарға әбден әуестеніп алды, тіпті оған тәуелді болып қалғандар да бар. Оған өткен жаздың маусым айында 30 жасар АҚШ азаматының өлімі дәлел. Өлімнің себебі – өкпенің қабынуы. Ол Coca-Cola сусынын өте көп мөлшерде қолданғанның кесірінен болыпты.
Газдалған сусындардың адам денсаулығына зиян екені
хақ. Олардың қалай әсер ететіні жайлы ғаламтор мен БАҚ-да көптеген ақпарат,
видеолар жарияланған болатын. Ас қорыту, бауыр, бүйрек ағзаларына зияндылығынан
басқа, газдалған сусындар мидің өзгеруіне әсер етеді екен (төмендегі сілтеме).
Сондықтан газдалған сусындарды ішуді азайтып және ең бастысы кішкентай
балаларды сусынның осы түрлерінен аулақ
ұстағаны жөн.
Астана, 17/11/13 – Болат Қартбаев
No comments:
Post a Comment