Friday, November 15, 2013

Дәмді, әрі пайдалы жеміс!



Өкінішке орай, біздің көбіміз тамақтану және дәрумен қабылдау тәртібін білмейміз, тіпті жемістердің бізге берер пайдасы жайлы білетініміз өте аз. Сондықтан, жүзім туралы пайдалы ақпарат артық болмас (сілтеме). 
Күз мезгілі де аякталуға таяп қалды, ендігі кезекте «ақ киімді, денелі, ақ сақалды» - қатал қыс. Келе жатқан қыстың қандай боларын алдын ала тек қана синоптиктердің болжамдарынан ғана біле аламыз (егер өзіңіздің көріпкелдік қасиетіңіз болмаса әрине), бірақ нақтысы ешкімге белгісіз. Бар білетініміз – түсі суық, демі ызғар, жүрегі мұз қыс аяуды білмейді. Қандай болса да, күз бойы жинап-терген жеміс-жидекке, жапқан қайнатпаларыңды ашу  үшін қол шамыңды алып жерқоймаңа талай түсетінің сөзсіз. Өйткені, қыстан аман шығу үшін бізге дәрумен керек! Міне, осындай дәрумендерге бай, адам ағзасына пайдасы зор жеміс – жүзім.


Астана, 15/11/13 – Болат Қартбаев

No comments:

VK